COVID-19: Ливанда коменданттық сағат жарияланды

COVID-19: Ливанда коменданттық сағат жарияланды

COVID-19: Ливанда коменданттық сағат жарияланды
ашық дереккөзі
362
Ливанда коронавирустың өршуіне байланысты карантиндік шектеулер қатаңдатылды.  Бүгіннен бастап мемлекетте коменданттық сағат тәртібі енгізілді. Ел тұрғындарына кешкі сағат тоғыздан таңғы беске дейін үйлерінен шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, Ливан үкіметі тойханаларды жауып, 6 адамнан артық жиналатын  шараларды өткізуге тыйым салды. Бұған дейін ел билігі індет өршіген 69 қала мен елді мекенді карантинге жапқан болатын. Бұл мекендерде төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, спорт жарыстары өтпейді. Сондай-ақ дәмханалар, мешіттер мен шіркеулердің жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Пандемия басталғалы Ливанда 81 мыңнан астам адам індет жұқтырған. Елде коронавирустан 637 науқас көз жұмды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Германияда локдаун енгізілетінін хабарлағанбыз. Елдегі барлық көңіл көтеру орындары, мейманханалар, дәмханалар мен көптеген қызмет көрсету нысаны бір айға жабылады. Жаңа шектеулер 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін жалғаспақ. Сондай-ақ, 30 қазаннан Франция да өзін-өзін оқшаулау режимі енгізілді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін созылады.

Серіктес жаңалықтары