Измирдегі зілзала құрбандарының саны 42-ге жетті

Измирдегі зілзала құрбандарының саны 42-ге жетті

Измирдегі зілзала құрбандарының саны 42-ге жетті
ашық дереккөзі
336
Измирдегі жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандардың саны 42 адамға дейін өсті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасына (AFAD) сілтеме жасап Анадолы хабарлады.  AFAD мәлімдемесіне сүйенсек, жер сілкінісінен кейін 05:30-да 786 дүмпу болып, оның 40-ы 4 баллдан жоғары болды. Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды үйлестіру орталығынан (ЅАКОМ) алынған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 42 адам қайтыс болды, оның 1-уі суға батып кеткен. Жараланған 896 адамның 667-сі емделіп шықса, ал 229 адам емін жалғастыруда. Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, Қазақстан жер сілікінісінен зардап шеккендерге көмектесуге дайын екенін жеткізген болатын.  

Серіктес жаңалықтары