Қазақстандықтардың болашақтағы бейнесі қандай?

Қазақстандықтардың болашақтағы бейнесі қандай?

Қазақстандықтардың болашақтағы бейнесі қандай?
ашық дереккөзі
1252
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты форсайттық зерттеулер жүргізіп, 2035 жылы Қазақстанның халықаралық аренадағы бейнесі және цифрлық номадтың портреті қандай болмақ деген сауалға жауап іздеген болатын. Еске сала кетсек, биыл тамыз айында елімізде тұңғыш рет Қазақстанның көшбасшы сарапшылары болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру, Инклюзивті қоғам мен инклюзивті дүниетанымды қалыптастыру және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны деген үш тақырыпта өткеннің, бүгіннің және ертеңнің басты трендтерін саралап, аталмыш салалар бойынша 2035 жылға дейінгі портретті талқылаған болатын. Зерттеу жұмысының нәтижесінде ұсыныстардың барлығы түзіліп, алдағы 15 жылдықтың сценариі жасалды. «Рухани жаңғыру» қазақстандық даму қоғамы институтының Басқарма Төрағасы Данияр Есиннің айтуынша, Еуразиялық кеңістіктегі тұрақты дамуға бағытталған Ұлы дала өркениеті 2035 жылғы Қазақстанның халықаралық аренадағы бейнесі бола алады. Сарапшылар болашақ жас қазақстандықтың бірқатар маңызды қасиеттерін атап өтті. Біріншіден, ол кез келген жағдайда өмір сүруді және әрекет етуді біледі, өзін өзгертуге әрдайым дайын. Екіншіден, цифрлық номадтың өз жеке өсу бағдарламасы бар. Әлемнің кез келген трендін сіңіруге қабілетті және жаһандық деңгейде ойлай алады. Үшіншіден, жаңа буындағы қазақстандық қызметтің барлық саласында сандық жүйені пайдалана алатын «кибер-адам». Төртіншіден, болашақта қазақстандық позитивті коммуникация мен психикалық тұрақтылық дағдыларына ие болуы тиіс. Конференцияға қатысқан Скандинавиялық академиялық мобильділік институтының жетекшісі Элина Ванхемпингтің айтуынша бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін цифрлік жүйе мен онлайн форматтағы жұмыстарды дамыту дамыту қажет. Ал өз кезегінде BTS Education ЖШС басшысы Саясат Нұрбек болашақтың өмірін анықтау мақсатында форсайт зерттеулерді тұрақты түрде жүргізіп отырған дұрыс дейді. «Форсайттық зерттеулерді тұрақты түрде жүргізу отыру қажет. Өйткені олар болашақты анықтауға, жақсы етуге және сол мақсатта жаңа шешімдер табуға мүмкіндік береді», – деді Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары