282
Шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызға жетті
Шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызға жетті
Пандемия жағдайы қоғамның барлық саласына салқынын тигізді. Шағын және орта бизнес саласы да көп зардап шекті.
Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Алматы облысында 119 мың бизнес субъектісі салықтық ынталандыруға қол жеткізді, 641 субъектіге 24 млрд теңге несие бойынша төлемді кейінге шегеруге жағдай жасалды.
Өңірдегі 6,5 мың жалға алушы үшін жеке секторда жалға алу құны 30%-дан 90%-ға дейін төмендетілген, бизнестің 690 субъектісі коммуналдық меншік мүліктерін жалға алу төлемінен толық босатылды. Ал жалпы кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінді.
– Осы айтылған шаралардың барлығы шағын және орта бизнес көрсеткіштерін өткен жылдың деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. Соған сәйкес шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1,7 трлн теңгені құрап, жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34%-ға жетеді. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 35 %-ға жеткізу тапсырылған болатын, біз бұл межеге келесі жылы жете аламыз, – деді облыс әкімі А.Баталов.