Коронавирус: Дания үкіметі 15 миллионға жуық қаракүзенді жою туралы шешім шығарды

Коронавирус: Дания үкіметі 15 миллионға жуық қаракүзенді жою туралы шешім шығарды

Коронавирус: Дания үкіметі 15 миллионға жуық қаракүзенді жою туралы шешім шығарды
ашық дереккөзі
50186
Дания Корольдігінің Үкіметі аңдардан коронавирус табылуына байланысты елдегі аң фермаларында өсірілетін қаракүзендерді жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Дания премьер-министрі Метте Фредериксен онлайн режимде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Дания – әлем бойынша қаракүзенді ішік жасап шығаратын ірі өндіруші және ел аумағында орналасқан 1 100-ға жуық аң фермасында 15 миллиондай қаракүзен өсіріледі. Фредериксеннің мәлімдеуінше, елдегі қаракүзеннің барлығы өлтірілуі керек, себебі аңдардың арасында күшейіп келе жатқан бұл вирус адамдарға қайта жұғып, мутацияға ұшырау қауіпі басым. Қазіргі таңда елде он екі адам аң фермасындағы қаракүзен арқылы вирус жұқтырған. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, 207 аң фермасындағы қаракүзендерден коронавирус белгілері анықталған.

Серіктес жаңалықтары