378
Жетісайда 6 отбасы баспаналы болды
Жетісайда 6 отбасы баспаналы болды
Жетісай ауданында баспана тауқыметін тартып жүрген 6 отбасыға барлық жағдайы жасалған жаңа үйдің кілті табыс етілді.
Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мұқтаж отбасыларға қайырымдылық арқылы баспана сыйлаған белгілі кәсіпкер Бахараддин Аблазимовке елдің атынан алғыс айта отырып, баспапаны салу кезінде жергілікті тұрғындардың ерекше белсенділігіне сүйсінгенін жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта да осындай баспана салу үшін жер телімдерін тегін бере отырып, мұқтаж жандарға қажетті жағдайды жасайтынын жеткізді.
Айта кетсек, баспаналардың жалпы құны 90 миллион теңгені құраған.