1133
Елордалықтардың медициналық сақтандыру қоры 21,9 млрд теңге
Елордалықтардың медициналық сақтандыру қоры 21,9 млрд теңге
2020 жылғы 1 қаңтар мен 31 қазан аралығындағы елордалықтардың медициналық сақтандыру қоры 21,9 млрд теңгені құрады. Ал қазан айындағы жарна мөлшері 2,5 млрд теңге. Олардың қомақты бөлігі – 1,5 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары болса, 920 млн теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар.
Айта кетсек, медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Сондықтан азаматтарды мобильді қосымшаларда өз деректерін тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қордың елордалық филиалына хабарлай алады. Сондай-ақ, 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы байланысуға болады.
Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға жіберіледі.