Үндістанда фотосессия жасамақ болған жас жұбайлар суға ағып кетті

Үндістанда фотосессия жасамақ болған жас жұбайлар суға ағып кетті

Үндістанда фотосессия жасамақ болған жас жұбайлар суға ағып кетті
ашық дереккөзі
50415
Үндістанда үйлену тойы алдында фотосессия жасамақ болған жас жұбайлар суға ағып кетті, деп хабарлайды Тhe Times of India. Жазатайым оқиға Талакаду қаласының маңындағы Кавери өзенінде болған. 28 жастағы жігіт пен 20 жасар қалыңдық 22 қарашаға жоспарланған үйлену тойы қарсаңында өзенде фотосессия жасамақ болған. Туысқандары мен фотографты ертіп алған жас жұбайлар екі қайыққа мініп, жағалаудан 30 метр қашықтыққа жеткен соң суретке түспек болған. Алайда суретке түсу кезінде биік өкшелі аяқ киім киген қалыңдықтың аяғы тайып кетіп, суға құлаған. Сүйіктісін құтқаруға тырысқан жігіт артынан суға секірген, бірақ екеуі де суға жүзе алмағандықтан, суға ағып кеткен, қайықшы аман қалған.  width= Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар жас жұбайлардың денесін тауып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Серіктес жаңалықтары