Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салына ма?

Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салына ма?

Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салына ма?
ашық дереккөзі
407
2021 жылы зейнетақы қорынан жинақтарының бір бөлігін алатындар 10% табыс салығынан босатылатын болды. Бұған дейін аталған салық төленуі керек деген ақпарат тараған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берген болатын. Сол кезде салық кодексі бойынша салымшылар табыс салығын төлеуге тиіс деген сөз шықты.
«Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10%-ын бір реттік салық ретінде төлеу керек. Бұл қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылды. Оның өзінде бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді», – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Ал азаматтығын ауыстырғысы келген адамдар зейнетақы жинағынан ақша алғаны немесе оның бір бөлігін пайдаланғаны үшін төленетін салықты бірден және толық өтеуге міндетті.

Серіктес жаңалықтары