Қарақат БАШАНОВА: Маған Еуропа елдерінен тыңдармандар көп жазады

Қарақат БАШАНОВА: Маған Еуропа елдерінен тыңдармандар көп жазады

Қарақат БАШАНОВА: Маған Еуропа елдерінен тыңдармандар көп жазады
ашық дереккөзі
313
Ұлттық іріктеуден жеңімпаз атанған Қарақат Башанова 29 қарашада Польшада өтетін ән байқауында өнер көрсетеді. Junior Eurovision ән байқауының гранд финалында ел намысын қорғауға дайындалып жатқан Қарақатпен аз-кем сөйлескен едік.Қарақат, халықаралық бауқаудың жауапкершілігі де үлкен екені анық. Өзіңнің қазіргі дайындығың қалай болып жатыр? – Гранд финалға дайындығым ойдағыдай жүріп жатыр. Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткеннен бастап күн сайын вокал, актерлік шеберлік бойынша сабақтарға қатысып жүрмін. Маған алдымен композиторым Хамит Шаңғалиев, одан кейін «Хабар» агенттігінің басшылығы, өзімнің ұстаздарым үлкен қолдау білдіруде. Әлеуметтік желі арқылы Eurovision-нің тұрақты көрермендерінен үлкен қолдауға ие болдым. Әсіресе Еуропа елдерінен маған көп жазып, хабарласып жатыр.    width= – Сенің фортепианода, скрипкада ойнайтыныңды білеміз. Музыкалық қабілетің мен талантыңды таныту мақсатында финалдық кезеңде әніңді аспаппен сүйемелдейсің бе?          – Мен бес жасымнан вокалмен айналыса бастадым. Тоғыз жастан бастап арнайы курстарға жазылдым. Бірақ бір жылдан кейін уақыт тығыздығына байланысты вокалды тастауыма тура келді. Вокалдан қол үзсем де YouTube платформасында бар түрлі видеоларды қарап, өзімді әрі қарай шыңдай түстім. Ал гранд финалдағы әнімді скрипка сүйемелдейді, өзім аспаппен өнер көрсетпеймін. Ақтық додаға сахнаға киіп шығатын көйлегіңе 100 метрден астам ақ мата жұмсалыпты. Ақ түс өз таңдауың ба? – Гранд финалға өтсем сахнаға ақ көйлек киіп шықсам ғой деген ішкі арманым бар болатын. Анарбек Жәрдемов маған не керегін айтқызбай-ақ түсінді. Артында қанаты бар ақ көйлек киетінімді естігенде қатты қуандым. Көйлекке 122 метр мата жұмсалған, сондықтан өте ұзын. Мұндай көйлекті жылжыту да оңай емес, сондықтан көйлегімді сахнада тұрып киюге тура келеді.  width= – Бірге жұмыс істеуге бірнеше орталықтан ұсыныс түскенінен хабардармыз. Әрі қарай продюсермен жұмыс істеймін деген жағдайда оған қоятын талабың мен шартың қандай болмақ? – Продюсерлік орталықтардан менімен бірге жұмыс істеу туралы анам мен әпкелеріме бірнеше ұсыныс түсті. Бірақ өзім бұл туралы әлі ойланбадым. Қазіргі басты назарым – Junior Eurovision байқауында. Ал егер продюсермен бірлесіп жұмыс істейтін болсам, бастысы менің оқуыма және кәсіби шыңдалуыма бөгет болмауы керек. – Ал әлем эстрадасындағы қай әншімен ән айтуды армандайсың? – Үлкен сахнада скрипканың сүйемелдеуімен ән айтқанды қалаймын. Сонымен қатар Димаш Құдайбергенмен дуэт айтқым келеді. Ол өте талантты әнші және кез келген адаммен дуэт айта бермейді. Болашақта Димаш ағамен бірге дуэт айтсам, менен бақытты жан болмас еді.

Серіктес жаңалықтары