332
Коронавирус вакцинасының тиімділігі 95%-ға артты
Коронавирус вакцинасының тиімділігі 95%-ға артты
Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасы қорытынды зерттеулерден өтті. Зерттеу қорытындысы алдыңғы нәтижемен салыстырғанда препараттың тиімділігі 95% - ға артқанын көрсетті. Бұл туралы РИА Новости компаниялардың жарияланымына сілтеме жасап хабарлады.
Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі де аяқталды. Осы соңғы сынақ кезінде мамандар аталған вакцинаның тиімділігі 95% құрайтынын анықтады. Өткен аптада бұл көрсеткіш 90% болатын.
Вакцина ағзаға түскеннен кейін 4 аптадан соң максималды тиімділік көрсетеді.
"Компаниялар шұғыл пайдалануға (вакцина) рұқсат беру үшін азық -түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) талап ететін қауіпсіздікті бақылау нүктесіне жеткенін хабарлады", - делінген Pfizer веб-сайтындағы хабарламада.Вакцина алдағы күндері бекітуге ұсынылмақ.