Елімізде қатерлік ісікті жасанды интеллект арқылы анықтауға болады

Елімізде қатерлік ісікті жасанды интеллект арқылы анықтауға болады

Елімізде қатерлік ісікті жасанды интеллект арқылы анықтауға болады
ашық дереккөзі
299
Атырауда жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтауға мүмкіндік жасалған. Бұл аймақ медицинасы үшін үлкен жаңалық.  Бұрын науқастар ем алу үшін Алматыға келіп қаралатын болса, қазіргі уақытта онкологиялық ауруға шалдыққан емделушілерге жоғары сапалы көмек жергілікті медициналық орындарда да көрсетіліп отыр. Жасанды интеллект қатерлі ісіктерді мейлінше ерте мерзімде анықтауға мүмкіндік береді. Біз обырға шалдыққан науқастың өмір сүру ұзақтығын кемінде 5-6 жылға соза алсақ, мұның өзі үлкен жетістік, – дейді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиев. Аймақта барлық медициналық мекемелер ортақ жүйеге қосылған. Аталған жүйе қала, аудандардағы  томография, рентгендік зерттеулердің қорытындыларын ортақ базада жинақтап, зерделеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Атыраудың медициналық мекемелері соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған, бұл хирургиялық күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді. Еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарованың айтуынша,  онкологиялық ауруларды анықтаудың ең тиімді жолы – медициналық скрининг. Қатерлі ісік ерте анықталған жағдайда  мамандар науқасқа 70-80 пайызға дейін көмек көрсете алады. Айта кетсек, Қазақстанда қатерлі сырқатқа қарсы скринингтік тексерулер 25 жастан басталады.  

Серіктес жаңалықтары