Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ: «Оралман мәртебесін» беруді тоқтату қажет

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ: «Оралман мәртебесін» беруді тоқтату қажет

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ: «Оралман мәртебесін» беруді тоқтату қажет
ашық дереккөзі
421
Көп жыл көші-қон саласында қызметте болдыңыз. Моңғолия елінде жауапты қызмет атқардыңыз. Қазір не істеп жүрсіз? – Дүниежүзі қазақтарның қауымдастығы және «Отандастар қорының» Алматы облысындағы бөлімінде қызмет істеймін. Осы салада 40 жылға жуық еңбек етіп келемін. – Бұл қоғамдық ұйымдар ел мен биліктің арасын қаншалықты дәнекер бола алады? – Жаңа қоғамға халық та, халықты ұйымдастыратын билік өкілдері де екі жақта дәнекер болуға мүдделі болу керек шығар. Жаңа кезеңде әуелі сана оянып, өзіміз жаңғыра алмасақ, алға ұмтылу қиын. Осы үрдіске жетелеп жеңіске жетуге сүбелі үлес қосып жатқан бірден-бір мекеме ол «үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар» деуге болады. Қоғамда туындайтын кейбір келеңсіздіктерді жоюға қоғамдық ұйымдардың қолғабыс етуі құптарлық жайт. Әкімдерде, мемлекет те қоғамдық ұйымдарға барынша қолдау көрсету арқылы алда болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алуға болар еді. – «Оралман» атауы «қандастар» болып өзгерді. «Оралман куәлгі» деген құжаттың атауы өзгере ме? – Президентіміз Қ.Тоқаевтың ұсынысы бойынша «қандастар» деп аталатын болды. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында қандастарға берілетін жәрдемақының мөлшерін 2 есеге яғни 70 АЕК-ке көбейтуді тапсырды. Бұл ішкі көші-қон бойынша оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушы жергілікті халыққа да қатысты. Ал «Оралман куәлігіне» келсек, оның атауы жаңа заңда өзгереді делінген. Бірақ жалпы осы «Оралман мәртебесін» беруді тоқтатуы дұрыс болар еді деп ойлаймын. – Ол құжатты беруді тоқтатудың қандай тиімділігі бар? Толықырақ айта кетсеңіз? – «Оралман куәлігі» оларға жәрдемақы алуына және бір жылдық мерзімде Қазақстанның азаматтығын алғанға дейін жергілікті халық пен тең дәрежеде болуы үшін берілетін мәртебе. 2021 жылдан бастап қандастарға Қазақстанның азаматтығын үш ай мерзім ішінде ықтирхатсыз беру мүмкіндігі қаралады. 2004 жылға дейін Көші-қон полициясы «оралман куәлігінсіз» келген ағайындарға Қазақстан азаматтығын беруге құжат қабылдап, азаматтық беретін. Сол жақсы үрдістен ұтқанымыз көп болды. Ағайындар үшін қамқорлық қолдау еді. Көші-қон заңына жаңадан енгізіліп жатқан өзгерістерге байланысты үш айда азаматтық бермек. Сондықтан «Оралман куәлігінің» еш қажеттілігі болмасын өмір өзі дәлелдеп тұрған жоқ па. Азаматтық алғанға дейін үш ай мерзімде Көші-қон полициясы азаматтық алу үшін құжат тапсырғанын растап берген анықтамасы жүріп тұрға кепілдік бола алады. – Қандастарды бейімдеу орталықтары келешекте қандай міндет атқарады? – Барлық өңірде қандастарды бейімдеу және уақытша тұру орталықтары бар. 2010 жылы Көші-қон департаменттері тараған жылдары орталықтар өз мақсат мүддесінде қызмет атқарған жоқ. Қазіргі кезде «Қандастар үйі» деп өзгеріп заңнама ақпараттық кеңес беретін орын болып қайта құрылуға дайындық үстінде деп естідім. Бұл «Қандастар үйі» «Отандастар қорының» құзырына беріліп, облыс қаржыландыра бергені өте оңтайлы шешім болар еді. Оған негізгі себеп: қазір нотариустер қандастардың барлық құжаттарын үш рет куәландырып қыруар пайда табады. Шындығында нотариус тек қана аудармашы адамның ең соңғы бетте қойған қолын ғана растайды. Құжат заңдылығына кепілдік бермейді. Шетелден келіп азаматтық алған қандас бауырларымыз арасынан Үкімет арнайы бекіткен квота берілетін өңірлерге баруына жол көрсетіп, құжаттарында еш қиындық болмайтындай заңдастырып берсе одан үлкен көмек бар ма? – Ертеректе келген қандастар арасында зейнеткерлікке шығуға құжат тапсыраған кезде шетелде алған білімі мен еңбек өтілі енгізілмей, наразы болатындар көп. Бұл туралы не дейсіз? – Қазақстан Президенті «Қазақстан зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес, (26.12.2018 жылы өзгерту енгізіп жаңа 18-бап бойынша) «тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі есепке алынады» деп көрсетілген. «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Алматы облыстық департаменті» 25.09.2020 жылы С.С. деген азаматқа Моңғолия Елінде жоғарғы оқу орнында оқыған кезеңнің еңбек өтілі есебіне алынбау мәселесі жөнінде, Қазақстан Үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі қаулысына сәйкес, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2014 жылғы 9 қазанында күші жойылғандығын хабарлаймыз» деп жауап берген.

 Сұхбаттасқан

Бақыт БЕКОВ

Серіктес жаңалықтары