305
Пиццерия қызметкерінің "өтірігі" Оңтүстік Австралияны жабуға мәжбүр етті
Пиццерия қызметкерінің "өтірігі" Оңтүстік Австралияны жабуға мәжбүр етті
Оңтүстік Австралия билігі жоспарланғаннан үш күн бұрын қатаң карантин шараларын жариялаған болатын. Шектеу енгізуге жергілікті пиццериялардың бірінің қызметкері айтқан өтірік себеп болған.
Бұл туралы 20 қараша, жұма күні австралиялық АВС телеарнасы хабарлады.
Карантин 18 қарашада енгізілген еді. Жаңа шектеу шараларына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қажетті тауарларды алу үшін үйден күніне бір рет шығуға рұқсат етілген болатын.
Пицца сатып алғанда коронавирус жұқтырғанын айтқан жергілікті тұрғынның өтірігі елді жаппай карантинге жабуға мәжбүр еиткен. Бірақ шындығында ол осы мекемеде жұмыс істейтіні анықталған.
Мен бір адамның осындай тұрпайы әрекеті үшін Оңтүстік Австралияны карантин жағдайында бір күн ұзақ ұстауға жол бермеймін", — деді Премьер-Министр Стивен Маршалл.Жергілікті полиция комиссары Грант Стивенс өз кезегінде билікке өтірік айтқан пиццерия қызметкеріне өз әрекеттері үшін айыппұл салынбайды немесе айып тағылмайды деп мәлімдеді.