252
ШҚО қараша соңында "қызыл аймақтан" шығады
ШҚО қараша соңында "қызыл аймақтан" шығады
Шығыс Қазақстан облысы қараша айының соңына дейін "қызыл аймақтан" шығатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингі кезінде аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты.
Әкімнің айтуынша, қазірдің өзінде күніне жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Нақты айтқанда 356-дан 249-ға дейін, деп жазады Алтайньюс.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өңір басшысына екі апталық мерзім ішінде, яғни қараша айының соңына дейін облысты "қызыл аймақтан" шығару туралы тапсырма берген болатын.
- Жұмыс нәтижесін біздегі ауруханалардағы төсек-орындардың қамтылу деңгейінен-ақ байқауға болады, ол небәрі 17 пайызды құрайды. КТ-аппараттары тәулік бойы жұмыс істеуде, қосымша "Фапиравир" тиімді препаратын сатып алдық. Осы және басқа да көптеген шаралар қараша айының соңына дейін аймақтағы COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді деген сенімдемін, - деді бұл ретте облыс басшысы Даниал Ахметов.