332
Оралда оқушыны ұрламақ болған күдікті іздестіріліп жатыр
Оралда оқушыны ұрламақ болған күдікті іздестіріліп жатыр
Оралда мектеп оқушысын ұрламақшы болған күдікті ер адам іздестіріліп жатыр.
Оралдағы Зачаган полиция бөліміне қыздың ата-анасы арыз жазған. Осыдан кейін Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Адам ұрлау"125-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Күдікті сипаттамаға сәйкес шамамен 50 жаста. Учаскелік инспекторлар аймақты бақылауға алады. Біз барлық бейнежазбаларды қарап шықтық. "Медколледж" аялдамасында бейнекамералар, автобуста бейнекамералар жоқ. Күдіктінің болжамды сипаттамасы ғана бар", - деді Зачаган полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғанов.Естеріңізге сала кетейік, 18 қараша күні Оралда мектептен автобуспен үйге келе қызды белгісіз бір ер адамның алып кетпекші болғаны туралы аудио хабарлама тараған еді.