275
СҚО дәрігерлерін медициналық қолғаппен қамтамасыз ете алмай отыр
СҚО дәрігерлерін медициналық қолғаппен қамтамасыз ете алмай отыр
Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған қолғап сатып ала алмай отыр. Бұл туралы брифингте өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта қолғап сатып алуға қатысты мәселе туындап отыр, үкіметтің резервінен қаражат бөлінсе де, шекті баға төмен болғандықтан сатып ала алмаймыз. 422 533 дана қолғап сатып алынбаған. Мәселеге байланысты көмек сұраймыз, - деді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.