280
COVID-19-бен екінші рет кімдер ауыратыны белгілі болды
COVID-19-бен екінші рет кімдер ауыратыны белгілі болды
Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок коронавирустық инфекциямен кімдер қайтадан ауыруы мүмкін екенін айтты.
Дәрігердің айтуынша, COVID-19 ауруымен бір ауырған адам қайта ауырмайды, дегенмен ондай жағдайлар сирек болса да кездеседі. Адамның қосымша ауыр аурулары, онкологиялық аурулары болса және иммундық депрессанттар көп қолданса, коронавирустық вируспен қайта ауыруы мүмкін.
Маман денсаулықта ешқандай кінәрат болмаса, қайталап вирус жұқтырудан қорықпау қажетін айтады. Өйткені бір рет ауырған адамның ағзасы өзіне таныс қоздырғышқа тез жауап қатып, қайта ауыруға мүмкіндік бермейді. Алайда вируспен қайтадан «байланысу» адамды аз уақытқа симптомсыз тасымалдаушыға айналдыруы мүмкін.