Нұр-Сұлтандағы жарылыс: 23 адам ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: 23 адам ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: 23 адам ауруханаға жатқызылды
ашық дереккөзі
269
Нұр-Сұлтанда кафеде болған газ жарылысы кезінде зардап шеккен 33 адамның 23-і ауруханада жатыр. Бұл туралы бас қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Барлық зардап шеккендер саны 35. Олардың барлығы жедел түрде қалалық стационарларға жеткізілді. Мамандардың медициналық тексерісінен кейін 23 адам ауруханаға жатқызылып, жеңіл жарақаты бар 11 зардап шегуші амбулаторлық ем алуға жіберілді. Әртүрлі деңгейдегі термиялық күйік алған, газбен ауырлығы орташа дәрежеде уланған емделушілер №1 және №2 көпбейінді қалалық ауруханаларға жатқызылды. Қалған жарақаты көп және миы шайқалған емделушілер – ауруханалардың бейінді бөлімшелерінде»,  – деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Еске салайық, кеше, 21 қараша түсте Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ балоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға болған жерде көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары