БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
216
Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның айтуынша, індетке шалдыққан балалардың 72-сі – мектеп оқушылары, 9-ы – балабақша тәрбиеленушілері, екеуі – колледж студенттері. Солардың ішінде 24-і жазылып шығып, сабақтарын жалғастыруда. Ауырғандардың басым көпшілігі – қашықтан оқитындар. Аз бөлігі штаттық режимде жұмыс жасайтын мектепте білім алады. С.Темірғалиеваның сөзіне қарағанда, облыста 379 мемлекеттік мектеп болса, соның 251-і штаттық, 128-і қашықтан жұмыс жасайды. Оқушылар саны 111 мыңнан астам болса, соның 20 пайызы (22868) штаттық режимде, 48 пайызы (53640) қашықтан оқытылуда. Облыста бастауыш сынып шәкірттерінің 57 пайызы (34684), мектепалды даярлық сыныптарының 54 пайызы (4286) кезекші сыныптармен қамтылған. Қашықтан оқитындардың 17959-ы қайтарымды негізде мектептер балансындағы компьютерлермен қамтылды. Бірінші кезекте компьютерлермен және интернетпен жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтамасыз етілді.  

Серіктес жаңалықтары