Сегіз жастағы қыз анасының көлігін айдап кетіп, дүкенге барған (ВИДЕО)

1957

АҚШ-та Огайо штатының 8 жастағы тұрғыны анасының көлігін айдап, дүкенге барған. Полицейлер оны үйі орналасқан аумақтан 20 шақырым жерден іздеп тапты, деп хабарлайды The New York Times-қа сілтеме жасап.

15 қыркүйекте анасы қызы мен жеке көлігі жоғалып кеткенін айтып, полицияға хабарласқан. Көршілерде орнатылған бейнекамерадан белгілі болғандай, 8 жастағы қыз көлікті оталдырып, айдап кеткен.

Сол күні  жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін байқаған Жастин Кимери полицейлерге шағым түсірген. Ол теңселіп келе жатқан көліктің жүргізушісін мас немесе оған шұғыл медициналық көмек керек деп ойласа керек. Кейін көлікті 8 жастағы қыз тізгіндеп отырғанын көріп, оны басып озуға тырысқан. Алайда онысынан түк шықпаған. 

Ақырында полицейлер оны үйден 20 шақырым жерде орналасқан дүкеннің маңынан іздеп тапты.

Серіктес жаңалықтары