1177
Елорда еліміздегі ең ауасы лас қала
Елорда еліміздегі ең ауасы лас қала
Бүгін Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2019 жыл бойынша ауасы лас 10 қаланы атап өтті. Мигистрдің дерегіне сүйенсек Нұр-Сұтлтан қаласы Қазақстандағы ауасы лас қалалардың ондығын бастап тұр.
"Баршамызды мынадай экологиялық проблемалар алаңдатып отыр. Бұл - атмосфералық ауа мен жерүсті суының ластануы, қалдықтарға байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сондай-ақ ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, 45 елді мекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар, ластаушы заттар шығындылар көлемінің едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі", - деді экология министрі.
Үкімет отырысында өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасын іске асыру мәселесі талқыланған болатын.