50256
Ағылшын спорт жанкүйерлеріне енді стадиондарға кіруге болады
Ағылшын спорт жанкүйерлеріне енді стадиондарға кіруге болады
Ағылшын спорт жанкүйерлері 2 желтоқсаннан бастап спорт ойындарын стадионда отырып тамашалай алады.
Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон 4 000-ға жуық спорт жанкүйеріне ашық аспан астында өтетін спорт ойындарын тамашалауға рұқсат берді. Сонымен қатар коронавирус індетінің таралу қауіпі орта деңгейдегі аймақта 2 000 жанкүйер стадиондарға кіре алады, ал аса қауіпті аймақтағы спорттық іс-шаралар көрерменсіз өткізіледі.