«Тәуелсіздік күніне награда алып беремін». Меруерт Түсіпбаева өзін түн ішінде мазалаған ер адамға реніш білдірді

ашық дереккөзі
294
Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева атақ-даңққа кенде емес. Ол – Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». Бұдан өзге де атақ-дәрежелері баршылық. Оны неге тізіп отырмыз? Әнші жақында әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы «Тәуелсіздік күніне марапатқа ұсынамын, тосын сый жасаймын» деген сылтаумен түн ішінде жасы сексенге келген ер адамның мазалап, хабарласатынын айтып реніш білдірді. «Маған айтады, «қазір кездесейік (түнгі 23.00-де), саған тосын сыйым бар» деп. «Жақында 16 желтоқсан, сен марапат парақшасына қол қой» дейді. Абсурд!» деп жазды Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында. Әнші әдеп сақтап, өзін мазалаған адамның аты-жөнін жазбаған. Жоғарыда Меруерт Түсіпбаеваның атақ-дәрежесін бекер тізбелеген жоқ едік. Елдің ерке әншісі біреудің қамқорлық, болысуынсыз-ақ өзін әлдеқашан мойындатып, елге танылған талант иесі екенін айтқымыз келген.

Серіктес жаңалықтары