271
Air Astana ұшақтары Мальдив аралдарына ұша бастайды
Air Astana ұшақтары Мальдив аралдарына ұша бастайды
Әуе компаниясы Алматыдан Мальдив аралдарына тікелей рейстерін аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері 5 желтоқсаннан және қосымша 21 желтоқсаннан дүйсенбі күндері орындай бастайды.
Рейстер Airbus A321 LR жайлы ұшақпен орындалады. Әуе компанияның барлық A321LR ұшақтары бизнес-класта 16 креслодан және эконом-класта 150 креслодан тұрады. Бизнес-кластағы креслолар 16 дюймдік мониторлармен жабдықталған, төрт креслоның үлкейтілген жеке кеңістігі бар. Эконом-кластағы жеке 10 дюймдік экрандармен жабдықталған Recaro креслолары қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді.
Жаңа жылдық каникул кезіндегі сұраныстың жоғары болуына байланысты 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап 2021 жылғы 16 қаңтарына дейін рейстер сыйымдырақ кең фюзеляжды Boeing 767 ұшақтарымен орындалады.
Рейстер кестесі:
Эконом-кластағы екі жаққа билет құны, әуежай, жанармай және басқа алымдар мен салықтарды қоса алғанда 292 500 теңгеден, ал бизнес-класта 1 671 200 теңгеден басталады.
Виза онлайн режимінде өтініш бергеннен кейін әуежайға ұшып келгенде тегін беріледі және алынған күннен бастап 30 күн ішінде жарамды.
Мальдив Республикасына ұшып келген әр жолаушының ағылшын тілінде теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болуы қажет. Анықтама материал жиналған сәттен бастап ұшып келуге дейінгі 96 сағат ішінде жарамды. 1 жасқа дейінгі балалар тесттен босатылады.
Медициналық денсаулық туралы декларацияны міндетті түрде жолға шығардан 24 сағат бұрын толтыруыңыз қажет.
Декларацияда әрбір жолаушы фотосуретін (2 мегабайтқа дейін), сондай-ақ теріс нәтижесі бар ПТР тестін жүктеуі керек.
Қазақстанға шетелден келетін жолаушыларда коронавирустың жоғын растайтын ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанға кіргенге дейінгі 3 күн ішінде берілуі қажет. Мальдив Республикасындағы ПТР зертханалар тізімі осында.
Алматы-Мале | ||||
Ұшу күндері | Рейс | Ұшып шығу уақыты | Ұшып келу уақыты | Рейс ұзақтығы |
Ср,Сб | КС 585 | 01:20 | 07:05 | 6с50м |
Дс(21 желтоқсаннан) | КС 585 | 01:30 | 07:15 | 6с45м |
Мале-Алматы | ||||
Ср, Сб | КС 586 | 19:35 | 03:10+1 | 6с35м |
Дс(21 желтоқсаннан) | КС 586 | 19:35 | 03:10+1 | 6с35м |