Америкалық дипломаттар бауырсақ пісіріп, алғыс айту күнін атап өтті

Америкалық дипломаттар бауырсақ пісіріп, алғыс айту күнін атап өтті

Америкалық дипломаттар бауырсақ пісіріп, алғыс айту күнін атап өтті
ашық дереккөзі
5295
Америкалық дипломаттар қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады мерекені бауырсақ және Алматы апортымен атап өтті.  Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері қазақ тілінде құттықтап, бейнежазба түсірген. Бейнеқұттықтау @usinkz instagram парақшасына жарияланды. "Әр елдің мәдениеті мен дәстүрінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар. Мысалы алғыс айту - қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады. Алғыс айту күні - қарашаның төртінші бейсенбісінде АҚШ-та дәстүрлі түрде тойланатын мереке. Америкалық дипломаттардың Қазақстанда бұл мерекені қалай атап өтетінін білейік", - деді Ақпарат мәселелері жөніндегі аға көмекші Тоғжан Мұқатаева. "Жыл сайын америкалықтар отбасымен және достарымен бір-біріне тілектері үшін Алғыс айту үшін жиналады. Биыл жаһандық пандемияға тап болдық. Ең қиыны, көптеген отбасылар мерекені бірге тойлай алмайды. Әрине, әр отбасының өз дәстүрлері бар. Мен сіздермен, қазақстандық достарыммен, Алғыс айту күні мерекесінің дәстүрлі тағамдарымен және дәстүрлерімен бөліскім келді", - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. "Биыл біз Алғыс айту күнін ерекше атап өтеміз. Қазақ тілін үйреніп алған соң, біз қазақ тіліндегі достарымызға алғыс айтып, оларға қазақ тілінде ашық хаттар жазғымыз келеді", - деді Елшіліктің қызметкері Брайан.

Серіктес жаңалықтары