50650
Орыс тілінің мәртебесін жою ұсынылды
Орыс тілінің мәртебесін жою ұсынылды
Қырғыз Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшелері орыс тілінің ресми мәртебесін жою туралы ұсыныс білдірді.
Конституциялық кеңестің пленарлық отырысында қоғам қайраткері Садирдин Төрәлиев осындай ұсыныс айтты. Оның айтуынша, қырғыз жастары қырғыз тілін менсінбей, тек орыс тілінде сөйлейді.
«Батыл қадам ретінде көрінуі мүмкін. Алайда мемлекеттік тіл ретінде тек қырғыз тілін қалдыруды ұсынамын. Қалған тілдерді басқа заңдар арқылы дамытамыз. Орыс тілінің ресми мәртебесі бар. Біз орыс тіліне үйреніп алғанбыз және байланған иттей босағасын күзетіп отырамыз. Бұлай болмауы керек», – деді ол. Сондай-ақ ол сөз сөзінде болашақта қырғыз тілін жоғалтып алмас үшін тілді дамытуға септігін тигізетін жағдай жасау керек екенін айтты.
«Неліктен қырғыз тілінде сөйлемейді? Себебі бұған сұраныс жоқ. Сол сұранысты арттыру керек. Сол кезде ғана барлығы қырғыз тілін үйреніп, сөйлей бастайды», – деп қорытындылады Садирдин Төрәлиев.