756
Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады
Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Биыл «Әлем Ханымы-2020» – «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты – әлемнің әр түкпіріндегі әйелдерді қолдау», – деді актриса.
Пандемияға байланысты биыл байқау онлайн өтеді. Дауыс беру 1-24 желтоқсан аралығында сайт арқылы жүзеге асырылады. Оқырмандарын дауыс беруге шақырған Жұлдыз Әбдікәрімова: «Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ мен Қазақстанның ғана емес Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет», – деп бөлісті.
Айта кетсек, былтыр «Әлем ханымы» байқауына тележүргізуші Арай Әлімхан қатысып, «Мінсіз әйел» титулын жеңіп алған болатын. Осылайша 96 нәзік жандының арасында 13 орынды иеленген еді.