Қостанайда қылмыскер жасөспірімді кісі өлтіруге мәжбүрлеген

Қостанайда қылмыскер жасөспірімді кісі өлтіруге мәжбүрлеген

Қостанайда қылмыскер жасөспірімді кісі өлтіруге мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
5182
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қостанай облысы Жітіқара қаласының үш тұрғыны сотталды, олардың біреуі өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2019 жылдың жазында Ч. есімді адам Ресей Федерациясынан Жітіқара қаласына келіп, қылмыс (бұзақылық, тонау, ұрлау) жасаумен айналыса бастаған, және өзінің қылмыстық істеріне 14 жастағы екі жасөспірім К. мен Л.-ны араластырған. Олардың бірі оның жиені. Айта кету керек, Ч. бұған дейін Ресей Федерациясында бірнеше рет сотталған, оның ішінде адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтарға тарқаны үшін айыпталған.

Серіктес жаңалықтары