252
Джо Байден аяғынан ақсады
Джо Байден аяғынан ақсады
АҚШ-тағы президент сайлауда жеңімпаз болған Демократиялық партиясының өкілі Джо Байден аяғын жарақаттап алғаны туралы бейресми ақпарат құралдарында мәліметтер тарады.
78 жастағы саясаткер өткен сенбі күні итімен серуендеп жүргенде тайып жығылған. Дәрігер алғашқы тексеріс кезінде оған бұлшықеттің созылу диагнозын қойып, қосымша тексерілуге кеңес берген. Қайта тексерілу барысында онда сынық белгілері байқалған. Джо Байден алдағы бірнеше апта бойы арнайы аяқ киімен жүруі мүмкін.