Алматыда сүйіктісінен сүйкімді сөз ести алмаған жігіт өзіне қол жұмсамақ болды (видео)

Алматыда сүйіктісінен сүйкімді сөз ести алмаған жігіт өзіне қол жұмсамақ болды (видео)

Алматыда сүйіктісінен сүйкімді сөз ести алмаған жігіт өзіне қол жұмсамақ болды (видео)
ашық дереккөзі
238

Алматыда құтқару операциясының қалай өткенін полиция өкілдері баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сауда желісінің қызметкеріне ғашық болған 21 жастағы жігіт, қыздан сезіміне селкеу түсіретін жауап алған соң, сүйіктісі жұмыс істейтін дүкеннің шатырына шығып, өзіне қол жұмсамақ болған. Абырой болғанда, полиция қызметкерлері ғашықтықтан ойсыз әрекетке бармақ болған жігітті аман алып қалды.

– Кешке шамамен сегізден қырық минут кеткенде «ер адам шатырдан секірмек болды» деген қоңырау келді. Оқиға орнына келіп, біз ақпараттың расталғанына көз жеткіздік. Шамамен 20-25 жастағы ер адам. Көп адам жиналды. Сондықтан, біз еш ойланбастан батыл әрекет етуге бел будық: екі жақтан төбеге көтерілу үшін бөліндік, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің инспекторы Абылайхан Оқас. – Менің әріптестерім баспалдақпен кетті, мен жарнама тақтасы арқылы көтеріле бастадым. Секірмек болған адам менен алыс емес еді, – деді патрульдік полицей Әділбек Өтеұлы. – Осы уақытта мен баспалдаққа жүгіріп барып, жоғары көтерілдім. Алдымен мен ер адамның назарын аударып, мұндай әрекетке бармауын өтіне бастадым. Бірақ мен жақындаған сайын жігіт одан әрі секіруге әрекет жасай бастады. Сол сәтте шығыс жақтан келген әріптесім оны ұстап алып, шатырға қайта тартты, – деді Алматы қалалық ПД ППП қызметкері Ақберген Төлегенов. – Біз бұл адамды аман-есен жерге түсірдік. Әрине, оның мұндай әрекетке не үшін барғанын біле бастадық. Белгілі болғандай, жігіт ғашық болған, бірақ қыз одан бас тартқан. Ол тергеу үшін біздің бөлімге жеткізілді, – деп түйіндеді Жетісу аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ерасыл Нұрлыбеков.

Серіктес жаңалықтары