Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Ертісбаев оппозицияны сынға алды
ашық дереккөзі
253

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап айтқанда, билеуші партия өкілі саналмайтын, оппозициядан сайланған депутаттарды парламенттік тыңдауларда да, бірлескен отырыстарда да ешкім микрофоннан айыра алмайды, міндетті түрде сөз берілуі керек. Олардың Парламент төрінен кез келген мәселені көтеруіне жол ашық.

Өз кезегінде билеуші партия Nur Otan да жүйелі «қайта жандандыру» процесін іске қосып, халық арасынан астарлы ақиқатты, ащы шындықты жеріне жеткізе айта алатын, кешенді мәселелерді көтеруге қабілеті жететін беделді қоғам өкілдерін праймериз арқылы өзінің партиялық тізіміне іріктеп алды. Олардың біразы бұған дейін партияға мүше болмаған, тіпті оны аяусыз сынап келген. Бұл – демократияландыру бағытындағы маңызды қадам. Бұқараға осылайша, Парламентке ең озық өкілдерін жіберуге мүмкіндік берілді. Саяси ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев zakon.kz ақпараттық агенттігінде жариялаған сараптамасында өзін «конструктивті оппозиция» деп атайтындар ескі дәйектемелерін өзгертпей, әлі күнге соны малданып отырғанына назар аудартты. Әлем де, заман да, ел де өзгерді. Ал оппозиционерлер туындаған кезде-ақ көнеріп қалған «аңыздарға» жабысуын қояр емес. «Мысалы, былтыр Н.Назарбаев президенттік билікті Қ.Тоқаевқа тапсырғаннан бастап, биылғы күзге дейін олар бір ойды қайталаумен болды: «Парламенттің сайлауы мерзімінен бұрын өтеді». Олар мұның оқиғалардың өрбу қисынына сай келмейтініне де назар аудармады: тіпті Nur Otan-ға ішкі реформаларды және праймеризді өткізу үшін уақыт қажет болатын. Бұған бір жылдан артық дайындалды. Дәл сол сияқты оппозиция Үкіметтің отставкаға кететінін айтумен болды. Соған қарамастан Қ.Тоқаев мемлекеттің институттарға адалдығын сақтады, сайлау конституциялық мерзімінде, яғни 2021 жылы өтеді», – деді Е.Ертісбаев.

Серіктес жаңалықтары