Төреғали Төреәлі кітап жазуды қолға алмақ

Төреғали Төреәлі кітап жазуды қолға алмақ

Төреғали Төреәлі кітап жазуды қолға алмақ
ашық дереккөзі
1975
Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі автобиография жазуға кірісті. осылайша әнші Павлодарда болған дау-дамайдың қыр-сырын ашпақ. Бұл туралы Алматы телеарнасының Paparazzi бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты. Кітапқа 2017 жылы Павлодар қаласында жеке концертінде болған шулы оқиғаның қыр-сыры мен сол жағымсыз оқиғаның халық білмейтін тұстарын ашып, өнер жолында кездескен қиындықтар туралы бар шындықты жазбақ. Сондай-ақ эстрада жұлдызы «Ұлы дала комедиясы» фильміне қатысты да өз ойымен бөлісті. «Фильмнің жалғасына келетін болсақ, өкінішке қарай дейін десем, өкініш қарайласпайды. Өкінішке орай дейін десем, өкініш орайласпайды. Бәрі Алла қалауымен. Біздің сценарий Алматы-Гонконг деп жазылған болатын. Гонконг әзірге ашылмай тұр. Соны күтетін шығармыз. Болмаса, басқа фильм түсіру керек. «Ұлы дала комедиясының» жалғасы күттіріп тұр», – деді әнші.

Серіктес жаңалықтары