930
Тараз қаласының бас имамы партияға кірді
Тараз қаласының бас имамы партияға кірді
"Adal" партиясы мүшелерінің қатары тағы бір танымал азаматпен толықты. Ол – Тараз қаласының бас имамы Амантай Сәдиев. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды
Амантай Сәдиев Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, Алматыдағы Ислам институтын бітіріп, рухани білім алған. 23 жылдан астам Атырау облысының, Ақтөбе қаласының, Тараз қаласының және басқа да елді мекендердің бас имамы қызметін атқарды. Ол өзінің қызметі жолында адамдардың қиын өмірлік сынақтардан өтуіне және деструктивті діни ағымдарға ілеспеуіне көмектесті.
Амантай Садиев "Adal" партиясына кіру туралы шешімін өзінің діни қызметі барысында ел азаматтарының көптеген өзекті мәселелері туралы білетіндігімен түсіндірді. Амантай Садиев осы мәселелердің көбін өзінің мүмкіндіктеріне орай шешті, бірақ қазір саяси партияның қызметі шеңберінде діни қайраткердің емес, ел азаматының атынан шешім қабылдаудың жаңа деңгейіне өтті. "Adal" партиясына Амантай Садиев партияның бастамалары мен бағдарлама жобасымен танысқаннан кейін кіруге шешім қабылдады.
- Мен бас имам қызметін атқара отырып, түрлі салаларды көрдім. Аймақтардың мәселелерінен хабардармын. Олардың дамуына үлес қосуға әрқашан әзір болдым. Мұндай мүмкіндікті мен "Adal" партиясының бағдарламасын жүзеге асыру арқылы көрдім. Ол бағдарлама өмірдің көптеген бағыттарын қамтиды: бәріне белгілі және өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Сонымен қатар, мен партияның депутаттыққа кандидаттарды зерттеп, олардың көпшілігімен сөйлестім. Маған партияның басымдықтары мен оның белсенді мүшелері ұнайды. Олар әр түрлі салада үлкен тәжірибесі бар құрметті адамдар. "Adal" - мемлекетті жаңғыртудың тамаша идеялары бар жігерлі адамдардың партиясы. Маған әлеуметтік сала, білім беру және аймақтық даму бағдарламасындағы бастамалар өте ұнады. Мұның бәрі менің партияға қосылу туралы шешіміме әсер етті. Еліміздің дамуына өз үлесімді қоса аламын деп үміттенемін, - дейді Амантай Садиев.Кезіндегі имам Қазақстан – дін биліктен бөлінген зайырлы мемлекет екенін еске салды. Сондықтан ол саяси қызметпен діни жетекші ретінде емес, зайырлы елдің азаматы ретінде айналысатынын атап өтті. "Adal" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев Амантай Сәдиевтің партия қатарына қосылуына қатысты өз пікірін білдірді:
"Әрине, партия мүшелерінің қатары халық арасында танымал азаматтармен толығып жатқаны қуантады. Егер біз нақты Амантай Сәдиев туралы айтатын болсақ, мен бүкіл аймақтың бас имамы партияның бастамаларын ағарту үшін өз қызметін тоқтатқанын естіген емеспін. Ел өмірін жақсы жаққа өзгертуге үлкен ықыласы бар адамдар кез келген партия үшін үлкен маңызға ие".Сондай-ақ, Амантай Сәдиев партия логотипіне қызығушылық танытқанын айтты.
"Adal" логотипі мені бірден қызықтырды. Себебі ол маңызды құндылықтарды бейнелейді", - деп түсіндіреді Амантай Сәдиев.Мұсылман символы – 8 қырлы фигура партияның прогрессивті дамуын, басымдықтары мен бағыттарының әмбебаптығын білдіреді. Ортасындағы кішірек өлшемдегі "жұлдыз" елдің азаматы – адамды, оның құндылықтарын, қажеттіліктерінің басымдығын білдіреді. Гүл – жаңарудың, жасампаздық пен өркендеудің символы. Көктем мен балғындықтың, жаңаның жаршысы. Жасыл түс – өсу мен өркендеудің, тұрақтылық пен жаңа бастамалардың символы. Бұл жағымсыз эмоциялар мен агрессияны тудырмайтын ең үйлесімді, теңдестірілген, табиғи түс.