Forbes 2020 жылдың ең ықпалды әйелін атады

Forbes 2020 жылдың ең ықпалды әйелін атады

Forbes 2020 жылдың ең ықпалды әйелін атады
ашық дереккөзі
158
Forbes журналы жариялаған 2020 жылғы әлемдегі ең ықпалды әйелдер рейтингінде Германия канцлері Ангела Меркель көш бастады. Ол қатарынан оныншы жыл осы атаққа ие.   Рейтингке сәйкес, көшбасшылар үштігіне Еуропалық орталық банктің басшысы Кристин Лагард және АҚШ-тың жаңа вице-президенті Камала Харрис енді.  Төртінші орында – Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен. Биылғы жылы рейтинг авторлары коронавирустық пандемиямен күресуге үлкен үлес қосқан әйелдерді де тізімге қосыпты. Сонымен, Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн 32-орында, ал Тайвань көшбасшысы Цай Инвен 37-орыннан көрінді. Британдық патшайым Елизавета алты позицияға төмендеді: 2020 жылы ол 46-шы орынға ие болды, 2019 жылы ол 40-шы орында еді. Рейтингке әнші Рианна (69-орын), Бейонсе (72-орын), Тейлор Свифт (82-орын), актриса Риз Уиттерспун (92-орын) енді. Айта кетейік, бұдан бұрын Forbes ең көп кірісі бар қайтыс болған атақты адамдардың жыл сайынғы рейтингін жасаған еді. Бірінші орын Майкл Джексонға берілді.

Серіктес жаңалықтары