Қаскөйлер түн ортасында депутаттың Mercedes-ін өртеп кетті

Қаскөйлер түн ортасында депутаттың Mercedes-ін өртеп кетті

Қаскөйлер түн ортасында депутаттың Mercedes-ін өртеп кетті
ашық дереккөзі
347

Түн ортасында екі адам Mercedes-Benz көлігіне жанармай құйып, өртеп жіберген. Олардың бұл әрекетін бейнебақылау камералары тіркеді.

Түнде белгісіз екі адам Киев қалалық кеңесі депутатының көлігін өртеп жіберді. Бұл туралы қала полициясына сілтеме жасап Сегодня хабарлады. Оқиға Святошин ауданындағы Бирюзова көшесінде болған. Өрт салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің алдыңғы бөлігі жанып кетті. Полиция әлі көлікті өртеушілерді ұстаған жоқ. Алайда бейнебақылау камералары автокөлікке жанармай құйып, өртеп жіберген екі адамды тіркеген. Жанып жатқан Mercedes-ті оқиға орнына келген қалалық өрт сөндірушілер сөндірді. Жергілікті БАҚ-тың дерегінше, өртенген көлік – "Халық қызметшісі" партиясының депутаты Георгий Зантарайдың меншігі.

Серіктес жаңалықтары