473
Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтеді
Қазақстанда 3 миллионнан астам азамат коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтеді
Қарағанды қаласында коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина өндірісі басталады.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековтің айтуынша, республика басшылығының нұсқауынан кейін мамандар вакциналар шығаруға қолайлы жер іздеген.
«Химфарм» АҚ-да, Алматыдағы Нобель зауытында, Еврохим және Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцина шығарылатын болады. Қарағанды фармацевтикалық кешені басшылығының айтуынша, зауыт вакцина өндіруге барлық жағынан дайын», – деді Н.Асылбеков.
Ол сонымен қатар вакцина өндірісіне ел бюджетінен бөлек қаржы бөлінбейтінін, барлық жұмыстар компания есебінен жүзеге асырылатынын нақтылады.
«Қазір Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен келіссөз жүргізілуде. Ресейлік препарат негізінде өндірісті құру бойынша барлық мәселелерді қарастырып жатырмыз. Мамандарды тартуды көздейтін келісімге қол қойылады», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда үш миллионнан астам азамат коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтетінін айтты.
Ал қазақстандық вакцинаны Жамбыл облысындағы зауытта шығару жоспарланып отыр.