Сүйіктісіне сөз салу үшін саябақта отшашу ұйымдастырған атыраулық жігіт жазаланды

Сүйіктісіне сөз салу үшін саябақта отшашу ұйымдастырған атыраулық жігіт жазаланды

Сүйіктісіне сөз салу үшін саябақта отшашу ұйымдастырған атыраулық жігіт жазаланды
ашық дереккөзі
185
Атырау қаласының Жастар саябағында 18 жастағы жігіт сүйіктісіне сөз салу кезінде пиротехникалық бұйымдармен отшашу ұйымдастырған. Қоғамдық орындағы отшашуды байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабы 2-бөлігіне (Арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) сәйкес әкімшілік хаттама толтырған. «Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.  

Серіктес жаңалықтары