Паоло Росси қайтыс болды

Паоло Росси қайтыс болды

Паоло Росси қайтыс болды
ашық дереккөзі
348
65 жасында Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы, әлем чемпионы және 1982 жылғы "Алтын доп" иегері Паоло Росси қайтыс болды, деп хабарлайды Gazzetta dello Sport. Спортшы айықпайтын дерттен көз жұмған. Росси 1978 жылдан 1986 жылға дейін Италия ұлттық құрамасында өнер көрсетті. 1982 жылғы әлем чемпионатында ол үздік сұрмерген атанды, чемпиондыққа қол жеткізді және турнирдің үздік ойыншысы атанды. Осы маусымның қорытындысы бойынша шабуылшы "Алтын допқа" ие болды. Итальяндық FIFA 100 тізіміне, сондай-ақ World Soccer нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының қатарына кіреді. Футболшы "Винченца", "Милан", "Верона", "Перуджа" және "Ювентус" клубтарында ойнап, екі дүркін ел чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары