Нанды үгітіп тастағаны үшін баласын өлтірген әйел сотталды

Нанды үгітіп тастағаны үшін баласын өлтірген әйел сотталды

Нанды үгітіп тастағаны үшін баласын өлтірген әйел сотталды
ашық дереккөзі
193
Ресейдің Омск қаласында екі жасар баланың өлтірілгені анықталды, деп хабарлайды РЕН ТВ. Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың мамырында болған. 28 жастағы әйел ішімдікке сылқия тойып алып, нанды үгітіп тастаған екі жасар баласына шүйліккен. Аймақтық прокуратураның дерегінше, әйел үгітілген нанды қызының аузына тыға бастаған. Салдарынан қызы тұншығып, көз жұмған. Әйелдің азаматтық некедегі күйеуі бүлдіршіннің денесін алып кетіп, жасырған. Алайда ер адамды жауапқа тарту мүмкін емес. Себебі осы оқиғадан кейін 10 күн өткесін ол ішімдіктен уланып, көз жұмыпты. Полицияға әйелдің құрбысы хабар берген. Ол аяқасты жоқ болып кеткен қыз баланың жағдайына алаңдап, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Баланың анасы бастапқыда бар кінәні қайтыс болған ер адамның мойнына артпақ болыпты. Алайда артынша өз кінәсін мойындаған. Ол 13 жылға сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары