50259
Аға сержант метрода толғағы қысқан әйелді босандырып алған (видео)
Аға сержант метрода толғағы қысқан әйелді босандырып алған (видео)
Мәскеу қалалық полициясының аға сержанты Алеся Полякова «Электрозаводская» метро станциясында толғағы қысқан жүкті әйелді босандырып алған, деп хабарлайды Вести.Ru.
9-желтоқсан күні кешкі сағат жетілер шамасында аяғы ауыр 29 жастағы әйел метро эскалаторынан түскен кезде өзін нашар сезінген. Мұны байқаған метрополитен қызметкерлері оған көмек көрсетіп, ізінше келген аға сержант Алеся Полякова жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Алайда ай-күні жеткен әйелдің толғағы қысып, нәтижесінде Алеся оны аман-есен босандырып алған. Аға сержант жаңа туған нәрестені жылу оқшаулайтын фольгаға орап, бірнеше минуттан кейін станцияға келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстаған.
https://www.youtube.com/watch?v=MQO72mt2KUQ