50307
Жеті жасар қыз 80 келі зілтемірді еңсерді (видео)
Жеті жасар қыз 80 келі зілтемірді еңсерді (видео)
Канадалық 7 жасар Рори ван Ульфт өз салмағынан үш есе ауыр зілтемірді көтере алады. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Рори жұлқып көтеруде 32 келі, серпіп көтеруде 42 келі зілтемірді бағындыра алады. Сонымен қатар ол зілтемірді иығына қойып отырып тұрудан 61 келіні оңай еңсерсе, бітімге тарту жаттығуы бойынша 80 келілік зілтемірді көтере алады.
Жуырда 11-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан өткен АҚШ чемпионатында жеңіске жеткен. Аталған жарыста Рори 30 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.
Канада астанасы Оттавада тұратын Рори ауыр атлетикамен бес жасынан бастап айналысады.