Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
250
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің жаңа орынбасарын тағайындалды. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып Денис Федченко тағайындалды. Бұл жайлы шаһар басшысы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. «Денис Викторович Өскеменнің тумасы. Ол 14 жылдан астам уақыт коммуналдық салада жұмыс істеген. «Өскемен Тәртіп» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы ретінде қаладағы барлық мәселелермен етене танысты. Соңғы жылдары ол барлық филиалдардың жұмысын қадағалап, аумақтық басқару орталығы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Бұл салада мол тәжірибе жинады», - деді Жақсылық Омар. Оның айтуынша, Денис Федченко құрылыс, сәулет, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көліктер мен автомобиль жолдары мәселелеріне жауапты. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/oskemen-kalasy-akiminin-zhana-orynbasary-tagayyndaldy_a3729210

Серіктес жаңалықтары