Үгіт-насихат: Қазақстанның Халық партиясы іске белсене кірісті

Үгіт-насихат: Қазақстанның Халық партиясы іске белсене кірісті

Үгіт-насихат: Қазақстанның Халық партиясы іске белсене кірісті
ашық дереккөзі
451
Қазақстанның Халық партиясы 11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өзінің сайлауалды штабын таныстырды. Партия БАҚ-қа өзінің бағдарламасын ұсынды, алдағы жоспарлары туралы айтып, үгіт-насихат өнімдерін – баннерлер, плакаттар мен парақшаларын көрсетті. Қазақстан Халық партиясы төрағасы, ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров журналистерге партияның негізгі идеяларын баяндады. ҚКХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков пен ҚКП Республикалық сайлауалды штабының басшысы Олжас Сыздықов тілшілерге партияның өңірлердегі жұмысы және Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттарды іріктеудің қалай жүргізілгені туралы айтып берді.
– Қазақстанның әрбір өңірінде облыстық және қалалық филиалдар бар, – деп түсіндірді Сыздықов. – Олар партияның халықпен кері байланысын үнемі қамтамасыз етіп отырады. Сайлау күні жарияланғаннан кейін партия бірден белсенді түрде дайындала бастады. Кейін аймақтық филиалдардың, облыстық және қалалық партия комитеттерінің базасында сайлауалды штабтар ұйымдастырылды. Үгіт-насихат кезеңі ресми жарияланғаннан кейін белсенді түрде іске кірісті. Қазір барлық облыс орталықтары мен қазақстандық мегаполистерде партиялықтар баннерлер іліп, парақшалар мен ақпараттық материалдарды жариялап жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы да үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Партия Facebook-те «Государство должно» хэштегімен виртуалды митинг, ал Telegram арнасында өзекті мәселелер бойынша онлайн-референдум  өткізді. Сайлауға аз уақыт қалды. Мұны  еске салу үшін партияның Республикалық сайлауалды штабында арнайы  күнтізбе орнатылған.

Серіктес жаңалықтары