Қазақстан кинорежиссерінің фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Қазақстан кинорежиссерінің фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Қазақстан кинорежиссерінің фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды
ашық дереккөзі
617

Қазақстан кинорежиссері Марина Кұнарованың «Ұлы дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығына ұсынылды.

2021 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылып отырған фильмнің режиссері әрі сценарисі Марина Құнарова бұған дейін «Елесті аулау» және «999» деген фильмдерін түсірген.

  [caption id="attachment_130939" align="alignnone" width="533"]оскар Режиссер, сценарист, продюсер, актриса, Марина Құнарова[/caption]

«Ұлы Дала зары» фильмі «Оскар» сыйлығының «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылған. Фильмнің продюссері - Ернар Мәліков.

«Қазақстанның киногерлер одағы АҚШ-тағы «Оскар» комитетіне біз жақтан осы кинотуындымызды ұсынды. Біз АҚШ-қа фильмді жолдадық, осыдан екі күн бұрын «Оскар» сыйлығы комитетінің шешімі шықты. Олар қазақстандық фильмді қабылдағаны туралы хаттама шығарды. Енді алдағы уақытта анкета толтыртып, фильмді қандай форматта жолдау қажеттігін хабарлайды», - деді фильмнің продюссері Ернар Мәліков.

  [caption id="attachment_130938" align="alignnone" width="460"]оскар "Ұлы дала зары" кинокартинасы[/caption]

«Ұлы Дала зары» фильмі &ndash 1920-1933 жылдар аралығындағы қазақ халқының басынан өткен Ашаршылық тарихына арналған кинотуынды. Сол зұлмат кезеңде қазақ халқы ашаршылықтан қырылып, аман қалғаны шетелде босып кетуге мәжбүр болған еді.

Фильмнің тұсаукесері 2020 жылғы 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өткен. Ернар Мәліковтың айтуынша, фильмді түсіруге бес жылдай уақыт кеткен.

«Оскар» сыйлығының қорытындысы келесі жылдың сәуір айында жарияланады.

Серіктес жаңалықтары