Ұлттық құрамада легионерлер ойнап, қандастар шетте жүр...

Ұлттық құрамада легионерлер ойнап, қандастар шетте жүр...

Ұлттық құрамада легионерлер ойнап, қандастар шетте жүр...
ашық дереккөзі
572

Елден жырақта жүрсе де спорттың әр саласынан шығып, чемпион атанған қандастарымыз көп. Таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік, әйгілі қазақ балуаны Қазақстан және Моңғолияның спорт қайраткері Бақыт Одынайұлы, Олимпиадаға қатысқан шеттегі тұңғыш қазақ қызы Алданыш Рамазанқызы т.б. Ал спорттың бокс және күрес түрінен үлкенді-кішілі дәрежеге жетіп жатқандар көп-ақ. Қанат Ислам, Бақыт Сәрсекбаевтардан кейін шетелде бір қандасымыз бокстан чемпион атаныпты десе елең ете қоймайтындай болдық. Ал аладоптың жөні мүлде бөлек. Осыған орай, шетте жүріп футболдан табысты нәтижелерге жеткен қандастарымызды бір шолып өттік.

Мұрат Өнал – «үздік сұрмерген»

Голландиялық қазақ футболшысы Мұрат Өнал Шымкенттің «Қыран» командасында өнер көрсетіп, Қазақстан бірінші лигасының «үздік сұрмергені» атанған (2016 жылы). Мұрат Тоқанұлы Өнел 1987 жылы 20 маусымда Түркияның Салихлы қаласында туған. Отбасы 1990 жылдары Еуропаға қоныс аударып барған. Ата-анасы Амстердам қаласының маңына орналасқандықтан жас Мұрат сол жерде мектеп бітіріп, алты жасынан футбол ойнаумен айналысқан. Бойы 179 см, салмағы 76 келі қандасымыз Еуропа футболында аты мәшһүр «Аякс» мектебінің түлегі. Жасыл алаңда жартылай қорғаушы, тіпті команда сапында шабуылшы болып ойнаған. Ол – қазақ футболына шеттен келген алғашқы қандасымыз. 2006-2007-жылдары Бельгияның «Брюгге», 2007-2008 жылдары Голландияның «Ден Хааг», 2008-2012 жылдары Голландияның «Волендам», 2012-2013 жылдары Финляндияның «Каяни» клубының жейдесін киген. «Қанша дегенмен біз – қазақпыз. Шетте жүргенде елді аңсайсың. Шет елдегі қазақтардың көбісі Отанға оралғысы келіп тұрады. Бірақ өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда баспана, жұмыс мәселесі қиындау. Мен де өзім жанұямды Қазақстанға алып келсем бе деп ойланып жүрмін. «Арманым – атажұртта Ұлттық құрамада доп тебу», – депті ол бір сұхбатында. [caption id="attachment_130962" align="aligncenter" width="600"]Мұрат Өнал Голландиялық қазақ футболшысы Мұрат Өнал[/caption]

 Өтеген Естайұлы – «ең нәтижелі» футболшы

Биыл Моңғолияның Футбол федерациясының ең жоғарғы лигасының сегізінші туры өткен болатын. «Улаанбаатарын Мазаалайнууд» клубының сол қанаттағы жартылай қорғаушысы, қандасымыз Өтеген Естайұлы “Сумида-Жипро” клубының қақпасына бірден-бір голды салып, 1:0 есебімен жеңіс туын желбіреткен еді. 1998 жылы орнаған “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубы 2016 жылы төменгі лигаға түсіп қалған болатын. Араға 3 жыл салып, өткен жылы қайтадан жоғарғы лигаға жолдама алып берген қандасымыз Өтеген Естайұлы еді. Сондай-ақ, қандасымыз  Өтеген Естайұлы Моңғол елінің биыл «ең нәтижелі» футболшысы атанды. [caption id="attachment_130963" align="alignnone" width="800"]Өтеген Естайұлы Моңғолиялық футболшы қандасымыз Өтеген Естайұлы[/caption]

 Елжан Шынарұлы – «Шэньчжэнь» клубының үздік футболшысы

Елжан Шынарұлы футболдан Қытайдың U-21 құрамасына қабылданды. ҚХР футбол федерациясы Қытайдың U-21 құрамасына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялаған. Олардың қатарында Қытай елінде тұратын қандасымыз Елжан Шынарұлының есімі де аталған. Елжан Қытай суперлигасында өнер көрсететін «Шэньчжэнь» клубының үздік ойыншыларының бірі. Осы жолы Қытайдың U-21 құрамасына 24 футболшы қабылданған. Ал алдағы уақытта бұл құрама 2022 жылы Ханчжоуда өтетін Азия ойындары мен U23 Азия ерлер футболының кубогына дайындалу мақсатында ҚХР ұлттық құрамасының оқу-жаттығу базасында дайындалады. Елжан Шынарұлы – 1999 жылы ҚХР-ның Алтай аймағы, Бурылтоғай ауданында туған. [caption id="attachment_130964" align="alignnone" width="800"]Елжан Шынарұлы Қытайдың U-21 құрамасында ойнайтын футболшы қандасымыз Елжан Шынарұлы[/caption]

Жансерік Маратханұлы – «Үздік шабуылшы»

Жансерік Маратханұлы! Ол қазірдің өзінде Моңғол футболының жарық жұлдызы. Ол туралы қазір аталған елдің барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатады. Нақтырақ айтқанда, жуырда жоғарғы лигада өнер көрсететін командалар арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі ауыс-түйіс кезінде «Дэрэн» клубының шабуылшысы Жансерік Маратханұлы СП Фалконс командасы 20 миллион моңғол ақшасына сатып алған. Мұндай сауда Шыңғысхан елінің аяқдопшылар тарихында бұрын-соңды болмаған көрінеді. Сөйтіп, қандасымыз Жансерік жаңа команданың 7-ші нөмірлі жейдесін киген. Жансерік соңғы 6 жылдан бері жоғарғы лигада өнер көрсетіп келеді. Сонымен қатар елдің ұлттық құрамасы сапынан ойып тұрып орын алған. Тіпті, 2019 жылы «Үздік шабуылшы» атанған екен. Футболды 2008 жылы 9 жасында «Дэрэн» клубының академиясында бастап, 16 жасында ұлттық құрама сапына қабылданған, содан бері жоғары лигада доп теуіп жүр. Жансерік қазір футбол ойнаумен қатар Ұлан-батырдағы Ұлттық университетте оқып жүрген көрінеді. «Арманы –  атажұртқа келіп, алаңсыз деп тебу», – дейді қандасымыз. [caption id="attachment_130966" align="alignnone" width="483"]Жансерік Маратханұлы, Жансерік Маратханұлы, Моңғолия футболының жарық жұлдызы.[/caption]  

Материалды дайындаған

Бақытбек ҚАДЫР

 

Серіктес жаңалықтары