«Алматы» арнасынан – DiNaZaur-ды көрсетеді

«Алматы» арнасынан – DiNaZaur-ды көрсетеді

«Алматы» арнасынан – DiNaZaur-ды көрсетеді
ашық дереккөзі
1694

«Алматы» телеарнасы DiNaZaur атты жаңа комедиялық сериалды көрермен назарына ұсынады.

DiNaZaur – Динара, Назым және Зауре есімді үш құрбы туралы хикая. Бала кезде оларды ауладағы балалар DiNaZaur деп мазақтайды. Үш құрбыға бұл әрине ұнамайды, өздерін мазақ еткендерді жазалауды ойлайды. Содан кейін бір-бірін ешуақытта ренжітпеуге серт береді. Уақыт өте келе қыздардың достығы нығая түседі. Үш құрбының бірі Динара – тұрмыстағы келіншек, үш баласы бар. Күнделікті күйбең тіршілік пен үй шаруасынан өзіне көңіл бөлетін уақыты жоқ. Өміріндегі қиындықтарға қарамастан, ол өз өміріне шағымданбайды. Өйткені өмірдегі ең қымбат дүние отбасы деп біледі. Ал Назымның бір ұлы бар, ол жалғысбасты ана. Ерлер қауымына көңілі қалған. Ресторатор қызметін атқарады. Зәуренің арманы асқақ, ол  – «ақ боз атты ханзадасын» кездестіргісі келеді. Бірақ өмірінде небір жігіттер жолықса да, ешқайсысы көңілінен шықпайды. Құрбылары бұл мәселені өз қолына алып, көмектесуге шешім қабылдайды.

Жанаргүл Жаныаманова, актриса: "Мен бала-шағамен үйде отырған, күнделікті үйдің шаруасынан шаршаған әйелдің образын сомдаймын. Күйеуі таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Күйеуінің назарын аудару үшін неше түрлі қылықты ойлап табады. Үш баламен отыруы менің өміріме ұқсас. Бірақ басқа сериалдағы рөлдеріме еш ұқсамайды. Сол үшін де  маған қызық болды. Қандай сын, қандай пікір айтылады екен деп күтіп жүрмін. Тіпті, қобалжып жүрмін десем болады". Ажарлым Мағзұм, актриса: "Маған менің кейіпкерімінің еркіндігі жақын. Рухы мықты, қиындықтан қорықпайтын және тік мінезділігі де бар. Мен бұл рөлді жеңіл алып шықтым. Өйткені маған ұқсас образ". Ұлболсын Шалқарова, актриса: "Телехикаяда Зәуре есімді аруды ойнаймын. Менің кейіпкерім – ашық-жарқын. Туынды өте қызықты шыққан деп ойлаймын". DiNaZaur телехикаясында шынайы өмірге негізделген қарым-қатынас, отбасылық құндылық, тәрбие және  әйелдер арасындағы достық туралы баян етіледі. Жаңа телесериал 14 желтоқсаннан бастап, сағат 20:40 «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.  

Серіктес жаңалықтары