Какурю Рикидзабуро – жапон азаматтығын алған төртінші шетелдік-йокозуна. Оның алдында америкалық Акебоно мен Мусасимару, сондай-ақ моңғол сумошысы Хакухо Сё (Мөнхбатын Даваажаргал - өз есімі) Жапония азаматы атанған еді. Бұлардың соңғысы азаматтықты былтыр алған.
Какурю мансабын 2001 жылы сумошы ретінде бастап, Идзуцу мектебінде өнер көрсетті. 2014 жылдың көктемінде ол ең жоғары А ёкодзуна дәрежесіне көтерілді. 2019 жылғы қыркүйек айында Идзуцу Ояката қайтыс болып, оның мектебі жабылып қалғаннан кейін ұлы сумошы Мичиноку мектебіне ауысқан болатын.
838
Әйгілі сумошы өз елінен неге бас тартты?
Әйгілі сумошы өз елінен неге бас тартты?
Моңғолдың тағы бір ұлы спортшысы өз елінен бас тартып, Жапонияның азаматтығын алды. Бұл туралы ard.mn хабарлады.
Сумо күресінен гранд-чемпион, жоғары дивизионның алты атағының иегері (ёкодзуна), моңғол спортшысы Какурю (Мангалжалавын Ананд - өз есімі) өзі туып-өскен елдің азаматтығынан шығып, Жапония азаматтығын алды.
Моңғолдың 35 жастағы ұлы сумошысы Жапония сумо қауымдастығының зейнетке аға азамат дәрежесінде шығуы үшін өзіне қойған талабы бойынша осындай қадамға барды. Ол енді ғана спортшылық мансабын аяқтағаннан кейін өзінің жеке мектебін аша алады.
Сумошыға жарысқа қатысу үшін жапон азаматтығы талап етілмейді. Бірақ оны аяқтағаннан кейін зейнетке шығу үшін онда Жапонияның азаматтығы болуы керек. Оған бұл азаматтық сумо ақсақалы атанып, өзінің жеке мектебін аша алу үшін де керек.