50366
Ақмола облысында ауыл әкімі қаза тапты
Ақмола облысында ауыл әкімі қаза тапты
Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты Тарасов ауылдық округінің әкімі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Liter.kz.
Жол апаты 14 желтоқсанда Екатеринбург – Алматы тасжолында Атбасардан 20 шақырым жерде болған. Әкім мінген көлік жүк көлігімен соқтығысып, нәтижесінде 51 жастағы ауыл әкімі Мирасхан Мұратов оқиға орнында көз жұмды.
Ақмола облысы полиция департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, жол апатына кінәлі деп танылған жүк көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.