212
Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 бен пневмонияны 677 адам жұқтырды
Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 бен пневмонияны 677 адам жұқтырды
Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 (КВИ+) және коронавирусты инфекция белгілері бар пневмонияны (КВИ-) 677 адам жұқтырды деп хабарлайды ҚР ДСМ.
«13 наурыз 20 желтоқсан аралығында КВИ+: ауруға шалдығу – 148 584 (өткен тәулікте 652), адам өлімі – 2288 (өткен тәулікте алтау); 1 тамыз 20 желтоқсан аралығында КВИ-: ауруға шалдығу – 44 385 (өткен тәулікте 25), адам өлімі – 474 (өткен тәулікте төрт адам)», – делінген хабарламада.
Министрлік таратқан ақпарат бойынша Қазақстанда қазіргі таңда КВИ-ден 25 350 адам емделіп жатыр (13 622 –КВИ+ және 11 728 КВИ-), оның ішінде стационарларда 4 482 науқас, амбулаторлық деңгейде – 20 868 науқас жатыр.
«КВИ+ және КВИ- дертімен ауырып жатқандар арасында жағдайы ауыры – 259, өте ауыр халде жатқаны – 38, ӨЖЖ аппаратына қосылғаны (өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғаны – ҚазТАГ) – 37», – делінген хабарламада.
Қазақстанда ресми ақпар бойынша коронавирустан 130 778 адам жазылып шыққан.